Назарбаевтың қарындасының иелігіндегі колледж мемлекетке қайтарылды

Сот оған 3450 теңге баж салығын төлеуді міндеттеген


06/09/2023
13:43 14821 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваға тиесілі колледж үкіметтің меншігіне қайтарылды. Бұл жөнінде «Пятый регион» басылымы хабарлады. 

 

Басылым мәліметінше, Алматы облыстық соты Әнипа Назарбаеваға тиесілі «Үшқоңыр» су шаруашылығы колледжін «үкімет меншігіне қайтару» туралы қаулы шығарып, жауапкерді 3 450теңге көлемінде баж салығын төлеуге міндеттеген.

 

Алматы облысының қаржы басқармасы іс бойынша талап қоюшы болып танылған. Сот мамыр айының соңында өткен. 

 

«Пятый регион» басылымның дерегінше, колледж сатып алу құқығымен Әнипа Назарбаеваның серіктестігіне сенімгерлік басқаруға берілген.

Поделиться

Нет комментариев.

06/09/2023 13:43
14821 0

Уведомление